Грузияның СІМ басшысына "Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл" медалі тапсырылды - Жаңалықтар | BNews

Грузияның СІМ басшысына "Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл" медалі тапсырылды

08 ақпан, 12:33 1567
Грузияның СІМ басшысына

Медальді қазақстандық дипломат Гүлмира Сұлтанәли ресми түрде табыс етті.

2018 жылғы 6 ақпанда Грузияның сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Грузиядағы уақытша сенімді өкілі Гүлмира Сұлтанәлидің Грузияның вице-премьері, Сыртқы істер министрі Михаил Джанелидземен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат Грузияның СІМ басшысына екі ел арасындағы дәстүрлі достық және өзара тиімді қатынастарға негізделген екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан жеке елеулі үлесі үшін Қазақстанның мемлекеттік наградасы – "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл" медалін ресми түрде табыс етті.

Кездесуде екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ 2018 жылы өткізілетін іс-шаралар талқыланды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары