Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы Словакия елшісіне алғыс айтты - Жаңалықтар | BNews

Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы Словакия елшісіне алғыс айтты

31 қаңтар, 14:55 860 Астана
Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы Словакия елшісіне алғыс айтты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Словакияның Қазақстандағы елшісі Петер Юзамен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталатын Словакияның Қазақстандағы елшісі Петер Юзамен кездесу өткізді.

Кездесуде Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы, сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Биыл Қазақстан мен Словакия дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығын атап өтуде. Осыған орай екі мемлекет арасындағы тұрақты әрі сапалы деңгейдегі саяси байланыстарға оң баға берілді.

Г.Әбдіқалықова "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысқаны үшін Словакия басшылығына ризашылық білдіріп, Словакияның баламалы энергетика саласындағы жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы Қазақстандағы табысты қызметі үшін Словакия елшісіне алғыс айтты. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары