Халықаралық іздестіру жарияланған қазақстандық Болгариядан экстрадицияланды
Ақшалай қаражат жымқырған деген күдікті Максим Леонтьев қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадицияланды.
7 ақпанда Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ Интерполы Максим Леонтьевті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Болгариядан экстрадициялады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұсталған азамат 2012-2017 жылдар аралығындағы кезеңде Қарағанды облысы Ақтау қаласындағы "Central Azia Cement" АҚ-да өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы кәсіпорынның 382 млн теңге сомасына ақшалай қаражатын жымқырғаны үшін күдікті", - делінген хабарламада.
Максим Леонтьев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, осыған байланысты оған халықаралық іздестіру жарияланған.
Ведомствоның мәліметінше, күдіктіні экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының Болгарлық әріптестерімен үйлесімді әрекеттерінің арқасында мүмкін болды.
Қазіргі таңда ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Читайте также
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның пара алғаны туралы күдік жоққа шығарылды
-
Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді
-
Қарағандыдағы "Древний Рим" мейрамханасында болған кісі өліміне қатысты күдікті ұсталды
-
ҚР Бас прокуратурасы: 2015 жылдан бастап ұрланған ақшалай қаражаттың тек 17%-ы ғана өтелген
-
Қожамжаров Өзбекстанның Бас прокурорымен екі жақты кездесу өткізді
-
Германияға қашып кеткен қазақстандық Астанаға экстрадицияланды
-
Жәбірленушілерге өтемақы қорына 250 млн теңгеден астам қаражат түсті
-
Заңсыз жер қойнауын қазушылар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін