Халықаралық сарапшылар еліміздегі адам құқығын қорғаудың ұлттық жүйесіне оң баға берді

10 желтоқсан, 2018, 16:15 2426
Халықаралық сарапшылар еліміздегі адам құқығын қорғаудың ұлттық жүйесіне оң баға берді

БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 70 жыл толды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова "Мемлекеттің және азаматтық қоғам институттарының құқық қорғау қызметі" атты дөңгелек үстел отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Халықаралық адам құқықтары күніне және БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 70 жыл толуына арналған іс-шараға Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов, Адам құқығы жөніндегі комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтанов, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура, Еуропа Одағының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы С-О.Карлссон, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар Кеңсесінің басшысы Дьердь Сабо, Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Майкл Гиффорд, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам өкілдері және басқалар қатысты.

Мемлекеттік хатшы өз құттықтауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Құқық үстемдігі – біздің реформаларымыздың табысты болуының негізгі факторы" деген сөзіне тоқталды.

"Қазақстанда адам құқығын қорғаудың ұлттық жүйесі елдің құқықтық дамуының негізгі көрсеткіші болып саналатын берік экономикалық іргетасына негізделген және азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған", – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Алқалы жиын барысында Конституция және қолданыстағы заңдар арқылы кепілдік берілген адам құқығы мен бостандығын жүзеге асыру, адам құқығын қорғаудың ұлттық тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Халықаралық құқық нормаларын имплементациялау проблемалары, Қазақстан Республикасында адам құқығын сотта және соттан тыс қорғау ісін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Халықаралық және ұлттық сарапшылар Қазақстанның құқық қорғау тетіктері мен адам құқығын қорғаудың ұлттық жүйесіне оң баға берді.

Соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова адам құқығын қорғау саласында тиімді ынтымақтастық жүргізіп келе жатқаны үшін халықаралық институттарға және құқық қорғаушы үкіметтік емес ұйымдарға алғыс білдірді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Гүлшара Әбдіқалықова #құқық қорғау

Читайте также

Похожие новости