Халықаралық сәулетшілер конгресінің тәжірибе алмасуда алар орны зор - Жаңалықтар | BNews

Халықаралық сәулетшілер конгресінің тәжірибе алмасуда алар орны зор

19 шілде, 12:28 1983 Астана
Халықаралық сәулетшілер конгресінің тәжірибе алмасуда алар орны зор

Конгресс барысында сәулет өнері саласындағы заманауи тенденциялар әңгіме өзгіне айналып, жан-жақтан жиналған мамандар пікірін ортаға салған.

Халықаралық сәулетшілер конгресі жұмысының қорытындысына арналған баспасөз конференциясында Сәулетшілер одағы халықаралық қауымдастығының президенті Серік Рүстембековтың айтуынша,  шетелден келген сарапшылардың барлығы дерлік Астананың сәулетіне тамсанып, оң бағасын берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Сәулет өнері осы өмірдегі бар өнердің "анасы" болып табылады. Сурет салу, мүсін жасау болсын олардың барлығы бастауын сәулет өнерінен алады. Жалпы, күні бүгінге дейін Мәдениет министрлігінің басшылығына олардың бізбен дұрыс жұмыс істемейді деп шағымданатынбыз. Бүгінде бұл олқылықтың орны толтырылды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астананың 20 жылдығын атап өту аясында біздің осындай ауқымды шара өткізуімізге көмектесті. Болашақта бұл дәстүрге айналады деген ойдамыз, Мүмкін екі жылда бір рет өткізетін болармыз", - деді Сәулетшілер одағы халықаралық қауымдастығының президенті Серік Рүстембеков.

Сонымен қатар, ол Астана қаласының өткен жұз жылдықта және 21 ғасырда жапан далада салынған санаулы қалалардың қатарына кіретінін атап өтті.

"Өткен жүз жылдықта және 21 ғасырда жапан далада салынған қалалар саусақпен санарлықтай. Мысалы, Автсралиядағы Кандра, Бразилияның жаңа қаласы - Бразилия және біздің Астана. Конгрестің жұмысы барысында осы үш қаланың арасындағы үндестік, пен айырмашылық өзара салыстырылды. Жасыраты жоқ, шетелден келген сарапшылардың барлығы дерлік Астананың сәулетіне тамсанып, оң бағасын беруде", - деді Серік Рүстембеков.

Жалпы, еліміздің еңбек сіңірген сәулетшісінің айтуынша, конгресс барысында сәулет өнері саласындағы заманауи тенденциялар әңгіме өзгіне айналып, жан-жақтан жиналған мамандар пікірін ортаға салған.

Айта кетейік, конгреске алыс және жақын шетел сәулетшілер, үкімет пен бизнес өкілдері, еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан (Астана, Алматы, Шымкент) отандық сәулетшілер, девелоперлер, технологиялық компаниялар, жобалау бюролары, инженер-жобалаушылар, жоғары оқу орындарының сәулет өнері факультетінің студенттері, қала белсенділері, урбанистер, қазіргі заманғы суретшілер, және БАҚ өкілдері қатысты.

Конгрестің жұмысы кәсіби тәжірибе алмасу, әлемдік сәулет өнерінің дамуының концептуалдық-теориялық бағыттарымен және оның негізгі тенденцияларымен танысу; қазақстандық және шетелдік жетекші сәулетшілермен шығармашылық байланыстар орнату; қоғамдағы сананың ашықтығын қалыптастыру – сәулет өнеріндегі ұлттық мәдениеттің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, прогрессивті әлемдік тәжірибе мен білімді қабылдау қабілеттілігін қалыптастыру арқылы заманауи отандық сәулет өнерін дамытуға бағытталды.

Конгресс аясында жас сәулетшілер мен студенттер арасында стартап уикенд форматында өткен "Қалалық орта: "ақылды" аудан" байқауының нәтижелері жарияланғаны туралы біз осыған дейін хабарлағанбыз.

Байқау нәтижелері бойынша тұрғындар үшін қысқы жылыжай кешендерін жасауды ұсынған "Sredalab" командасы гран-при иеленді. Бұл жобаның ерекшелігі, жылыжайлардың ғимараттардың шатырлары мен қасбеттерінде шыны үйшіктер түрінде салынып, жылу трассалары, күн батареяларын қосу, жел энергиясы арқылы жылытыла алатындығында. Жылыжайдың іске қосылуынан түсетін кірісті идея авторларының ойынша, аудан тұрғындары аула территориясын абаттандыруға немесе балаларға қажетті құралдары сатып алуға бағыттай алады.

Халықаралық деңгейдегі шара Астананың 20 жылдығына арналған және кәсіби тәжірибемен алмасу мен жаһандық тұрғыда жергілікті сәйкестік мәселелерінің шешімін табу арқылы заманауи отандық сәулет өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған, Конгреске әлемнің 20-дан астам елінен жетекші сәулетшілер, урбанистер мен зерттеушілер қатысты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: