ХҚКО-лардағы жаңа үлгі бойынша азаматтар қызметтерді өз бетінше алады

15 қаңтар, 2019, 11:48 1769
ХҚКО-лардағы жаңа үлгі бойынша азаматтар қызметтерді өз бетінше алады

2019 жылы еліміздегі 150-ден астам ХҚКО трансформацияланады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ 2019 жылы еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының 46%-ы, яғни мемлекеттік қызмет көрсетіп жатқан 152 фронт-офис қызметін трансформацияламақ, деп хабарлады мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі.

Бүгінде республика бойынша халыққа қызмет көрсетуші 326 фронт-офис бар. Азаматтардың электрондық қызметтерді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация 60/40 жаңа қағидатына сәйкес, фронт-офистерде кеңауқымды трансформациялауды бастады.     

"60/40 қағидаты фронт-офистегі жұмыс аймағының 40% қызмет көрсететін операторларға тиесілі екенін, ал азаматтардың қызметтерді өз бетінше алу аймағы – Connection point пен қоғамдық қолжетімді пункттердің үлесі 60% жететінін меңзейді. Осылайша, біз болашақта қызмет алушылардың осы принцип бойынша анықтамалар мен басқа да керекті құжаттарды өздігінен алуын қамтамасыз етпекпіз", - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов. 

Аталған қағидат бойынша елімізде бүгінде 174 фронт-офис қызмет етеді. Нәтижесінде азаматтардың 2018 жылы өз бетінше алған қызметтерінің саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 миллионға артып, 12 миллионды құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне электрондық үкімет порталында жұмыс істеу және электрондық қызметтерді пайдалану дағдыларына 8 млн астам азаматтың үйретілуі де әсер еткен.

Айта кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы 2018 жылы 31,9 млн қызмет көрсетілді, оның 16 млн электрондық форматта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар