ІІД-де синтетикалық есірткілерді таратуға қарсы күрес мәселелері талқыланды

Написать нам
20 қазан, 2018, 11:38 2457 Астана
ІІД-де синтетикалық есірткілерді таратуға қарсы күрес мәселелері талқыланды

Сондай-ақ, инъекциялық есірткілерді тұтынушы есірткіге тәуелділерді емдеуде апиынды алмастырушы терапияны бұдан әрі қолдану перспективалары қаралды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қалмұқамед Қасымовтың төрағалық етуімен есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға ведомствоаралық штабтың мүшелері: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс, Ақпарат және коммуникация, Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер министрліктерінің, Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер және қаржы мониторингі комитеттерінің басшылары, сондай-ақ Ұлттық банк, Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығының және "QIWI Kazakhstan" ЖШС өкілдері қатысты.

Штабтың отырысы барысында синтетикалық есірткілерді таратуға қарсы күрес мәселелері, сонымен қатар инъекциялық есірткілерді тұтынушы есірткіге тәуелділерді емдеуде апиынды алмастырушы терапияны бұдан әрі қолдану перспективалары қаралды.

Жиын барысында негізгі акцент жаңа психобелсенді заттарды таратудың, осы мақсатта Интернет-ресурстарды, мессенджерлерді және электронды төлем жүйелерін пайдаланудың жолын кесуге жасалды.

Сондай-ақ, есірткі заттарды заңсыз тарату саласындағы қылмыстарды сотқа дейінгі тергеу аясында алынатын заттардың сот-химиялық сараптамаларын жүргізу мәселелері талқыланды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар