ІІМ Қарағандыдағы төбелестің негізгі себебін айтты

08 қаңтар, 2019, 18:24 1951
ІІМ Қарағандыдағы төбелестің негізгі себебін айтты

Адам өліміне қатысты негізгі күдікті Қазақстаннан кетіп үлгерген.

31 желтоқсаннан1 қаңтарға қараған түні Қарағандыда болған жаппай төбелестің мән-жайы мен сол іске қатысты тергеу барысына Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов түсініктеме берді, деп хабарлайды BNews.kz.

Оның сөзінше, қақтығыс сөзге келіп қалу салдарынан туындаған, яғни мейрамханаға келушілер ғимарат әкімшілігі тарапынан жасалған ескертуге қарамастан, ол жерден кетуден бас тартқан.

"Мейрамхананың жұмыс істеу тәртібіне сәйкес, олар түнгі сағат 3-те жабылады, келушілерге ескерту жасалған. Мейрамхана келушілері ескертуге бағынбағандықтан, оларды ғимараттан итеріп шығарған. Олар өздерінің достарына хабарлаған. Келушілер жағынан 10 шақты адам келіп, мейрамханаға басып кірген және түрлі сөздер айтып, айғай шығарған. Сол себепті мейрамхана иелері тарапынан шара қолданылған және соңы топтық төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 4 адам пышақ жарақатын алды. Бір адам санына тиген пышақ жарақатынан қаза тапты", - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Қазіргі уақытта 8 адам қамалды, негізгі күдікті – Нарек Гурурян халықаралық деңгейде іздестіріліп жатыр. Ол Қазақстан шекарасын Павлодар облысы арқылы кесіп өткен.

"Ол шекараны Павлодар облысындағы Ұрлытөбе күзет орны арқылы 1 қаңтарда кешкі сағат 10-нан кейін Ресей Федерациясының аумағына өткен. Біз барлық шараны қабылдадық, РФ аумағына жедел тергеу тобы, сондай-ақ Армения Республикасына жедел топ жіберілді. Әріптестерімізбен барлық мәселені қарастырып, бір-бірімізбен түсінісіп жатырмыз. Күдіктінің өзі туралы хабар беруі заңды түрде қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оны қамауға алуға және Қазақстан аумағына қайтаруға ықпал етеді. Күдіктінің өзі туралы хабар беруі заңды түрде қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оны қамауға алуға және Қазақстан аумағына қайтаруға ықпал етеді", - деп түсініктеме берді Жанат Сүлейменов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Ішкі істер министрлігінде Қарағандыдағы адам өліміне қатысты іс бойынша күдіктінің өз еркімен берілуге әзір екендігін мәлімдеуіне қатысты түсініктеме берді. ІІМ-нің мәліметінше, қазіргі уақытта бұзақылық әрекеттері үшін және 23 жастағы жігіттің өліміне күдікті ретінде Қарағанды қаласында 8 адам ұсталып, қамауға алынды. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#ҚР ІІМ #адам өлтіру #Ресей #шекара

Читайте также

Похожие новости