Ильин, Сапиев және Винокуров Атыраудағы қайырымдылық велошеруіне қатысады

13 сәуір, 2018, 10:52 3407
Ильин, Сапиев және Винокуров Атыраудағы қайырымдылық велошеруіне қатысады

Қайырымдылық іс-шарасы Атырауда сәуір айының соңында өтеді.

Александр Винокуров, Серік Сәпиев және Илья Ильин Атыраудағы қайырымдылық велошеруіне қатысады, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпарат ХАА-не сілтеме жасап.

Велошеру 30 сәуірде өткізіледі. Оны Атырау облысы спортты дамыту және қолдау қоғамдық қоры, олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың қоғамдық қоры, Атырау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы, сондай-ақ қалалық спорт бөлімі бірлесе ұйымдастырып отыр.

Шара аясында қайырымдылық жәрмеңкесі және "Астана" велокомандасы лоттарының аукционы болады. Одан түскен қаражаттар Атырау облысындағы велоспорт мектебіне қажет жабдықтар алуға жұмсалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, велошеруді жыл сайынғы дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр. Велошеруге қатысуға ниеттілер Whatsapp мессенджерінде 87083416232 нөмірі арқылы тіркелуіне болады.    

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Атырау облысы #Александр Винокуров #Серік Сәпиев

Читайте также

Похожие новости