Илья Ильиннің бұрынғы жары Джакартада Қазақстанға жеңіс сыйлады - Жаңалықтар | BNews

Илья Ильиннің бұрынғы жары Джакартада Қазақстанға жеңіс сыйлады

17 тамыз, 2018, 10:33 3295
Илья Ильиннің бұрынғы жары Джакартада Қазақстанға жеңіс сыйлады

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екі ойында екі жеңіске жетті.

Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан жазғы Азиада-2018 жарысында қазақстандық спортшылар өнер көрсете бастады. Қазақстандық ауыр атлетші Илья Ильиннің бұрынғы әйелі Наталья Ильина Азиадада Қазақстанға жеңіс сыйлады, деп хабарлайды BNews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екі ойында екі жеңіске жетті. Бірінші Үндістан құрамасын - 36:19 есебімен ұтты, ал Қытай құрамасын - 27:26 есебімен жеңді. Қытайлармен өткен ойында ысқырық шалынғанға дейін екі секунд қалғанда Наталья Ильина гол салып кетті. 

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы төрт ұпаймен екінші орында келеді, бірінші орында - Оңтүстік Корея құрамасы (қосымша көрсеткіштер бойынша). Ары қарай Қытай, КХДР және Үндістан - олар әзірге ұпай жинаған жоқ. Жартылай финалға шығу үшін бірінші не екінші орынды алу керек. 

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2002 және 2006 жылы Азиада ойындарында күміс медаль, ал 2014 жылы қола медальды иеленген. 

Илья мен Наталья Ильиндер 12 жыл бірге тұрған. Спортшылар 2017 жылы айырылсып кетті. Олардың ортақ қызы бар. Наталья - талай мәрте гандболдан Қазақстан чемпионы атанған. Екі рет әлем біріншілігіне қатысты. 

Еске сала кетейік, кеше Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан туы көтерілді. Салтанатты рәсім Азия ойындарына арнап салынған атлеттер ауылында болды. Шарада Қазақстан делегациясына ҚР ҰОК Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов басшылық жасады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар