Индонезия астанасында Қазақстан туы көтерілді - Жаңалықтар | BNews

Индонезия астанасында Қазақстан туы көтерілді

16 тамыз, 2018, 11:25 3221
Индонезия астанасында Қазақстан туы көтерілді

Салтанатты рәсім Джакартадағы Азия ойындарына арнап салынған атлеттер ауылында болды.

Индонезия астанасы Джакартада өтетін Азия ойындарында Қазақстан байрағы көтерілді. Салтанатты рәсім Азия ойындарына арнап салынған атлеттер ауылында болды. Қазақстан туымен бірге Қытай Тайпэйі мен Оман байрағы да көтерілді, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Шарада Қазақстан делегациясына ҚР ҰОК Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов басшылық жасады.

Сондай-ақ, бүгін су добы мен гандболдан Қазақстан қыздар командасы мен баскетболшы ерлер арасында топтық кезең матчтары өтеді. 

Баскетболдан ерлер арасында (5х5) өтетін топтық кезең сағат 09:00-де (Астана уақытымен) басталады.

Сағат 10:15-те Қазақстан туын Джакартадағы Азия ойындары қарсаңында салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. 

Су добынан әйелдер арасында өтетін топтық кезең сағат 16:10-да басталады. 

Ал гандболдан әйелдер құрамасы арасындағы топтық кезең сағат 17:00-де басталады.

Гандболшы қыздар қытайлықтармен, баскетболдан ерлер командасы Филиппинмен сынға түседі. Су добынан қыздар командасын Қытай құрамасы күтуде. 

Айта кетейік, Азия ойындары 2018 жылғы 18 тамыздан 2 қыркүйекке дейін жалғасады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар