Индонезиядағы жер сілкінісінен Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ - Жаңалықтар | BNews

Индонезиядағы жер сілкінісінен Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ

06 тамыз, 13:03 1682
Индонезиядағы жер сілкінісінен Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ

Жалпы апат салдарынан қаза тапқан адамдар саны 91-ге жетті.

Индонезиядағы жер сілкінісінен кейін қаза болған немесе жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Индонезияның табиғи апатпен күрес жөніндегі агенттігінің  алдын ала ақпаратына сүйенсек, жер сілкінісі салдарынан қаза болған немесе жарақат алған Қазақстан азаматтары тіркелмеді. Олар бұл жайында Қазақстан консулына тиісті мәліметтерді ұсынды. Индонезия билігімен үнемі байланыста отырмыз. Егер де сол елден ақпарат болған жағдайда, қосымша хабарлаймыз", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінде.

Жексенбі күні индонезиялық Ломбок аралында қатты жер сілкінісі тіркелді. Апат салдарынан қаза тапқан жергілікті адамдар саны 91-ге жетті. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Ломбок аралында 6,6  балдық жер сілкінісі болған. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары