Иранда болған қатты жер сілкінісі салдарынан 120-дан астам адам қаза тапты - Жаңалықтар | BNews

Иранда болған қатты жер сілкінісі салдарынан 120-дан астам адам қаза тапты

13 қараша, 09:49 953
Иранда болған қатты жер сілкінісі салдарынан 120-дан астам адам қаза тапты

Жер асты дүмпуі салдарынан 1000-нан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды BNews.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жер сілікінісі Иран мен Ирак шекарасында орын алған. Оның күші 7,2 баллға жеткен. Жер асты дүмпуінің негізгі күші Иранның батысындағы Керманшах және Илам провинцияларына келген. 

Иран президенті Хасан Роухани зардап шеккендерге жедел көмек көрсету жөнінде таспырма берді.

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізулуде. Жапа шеккендер үйін тастап, далада түнеуге мәжбүр. Өйткені соңғы тәулік ішінде, жер асты дүмпулері 12 рет қайталанған.

Ауыр жарақат алғандарды 20 әскери тікұшақпен ауруханаларға тасымалдап жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар