Иранда болған жер сілкінісінен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ

13 қараша, 2017, 16:28 1921
Иранда болған жер сілкінісінен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – ҚР СІМ

Көмек қажет болған жағдайда қазақстандықтар Тегерандағы елшіліктің консулдығына бара алады.

Иран мен Ирак шекарасында болған жер сілкінісі салдарынан жапа шеккендер мен қайтыс болғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің кеңесшісі Ержан Мұстафин мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Қазіргі кезде иран-ирак шекарасында орын алған жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы Ирандағы біздің консулдығымызға және Ирак жетекшілік ететін Иорданиядағы елшілікке мәлімет түскен жоқ. Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз», - деді Ержан Мұстафин.

Көмек қажет болған жағдайда азаматтарымыз Қазақстанның Ирандағы консулы Бекмұрат Хайдаровқа 8 10 98 912 327 40 24, сондай-ақ, Иорданиядағы консулдыққа 8 10 962 789 90 47 46 телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады.

Иран президенті Хасан Роухани зардап шеккендерге қажетті көмек беруді тапсырды. Қызыл жарты ай қоғамының жергілікті бөлімшесі жоғалған адамдарды іздеу және құтқару шараларын жүргізіп жатыр. Оқиға орнына қосымша құтқару бөлімшелері жіберілді. Жапа шеккен тұрғындарды уақытша тұратын орындарға жеткізіп, қажетті азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етуде.

Осыған дейін жер асты дүмпуі салдарынан 1000-нан астам адам зардап шеккенін және құтқару шараларының жүргізіліп жатқанын хабарлағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар