Исекешев №64 автобус бағытымен жүріп қайтты - Жаңалықтар | BNews

Исекешев №64 автобус бағытымен жүріп қайтты

16 ақпан, 15:42 723 Астана
Исекешев №64 автобус бағытымен жүріп қайтты

Елорда әкімінің өзі осы бағытта қозғалатын MAN маркалы автобустардың техникалық жағдайымен таныс болды.

Астана әкімі Әсет Исекешев өзі №64 қоғамдық көлігімен MAN маркалы автобустардың техникалық жағдайымен танысты, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда әкімі Сарыарқа ауданының территориясын жұмыс бабы бойынша аралауға шықты. Апта сайын осылайша астана аудандарын аралау тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Осы аптада Әсет Исекешев Сарыарқа ауданына барды. Аралау бағдары кезінде оған аудан әкімдері, Астана қаласы ІІД ЖПҚ мен қалалық басқармалардың басшылары да қатысып, ауданның дамуы үшін өзекті де проблемалы сұрақтарды қарастырады.

Қала әкімі Астана қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасының Күмісбеков көшесіндегі әрі қарай жалғасатын құрылысы туралы есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Оның ішінде тұрғын үй басқармасына Абай даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейінгі тротуарларды дер кезінде жөндеуді қамтамасыз ету бойынша коммуналдық шаруашылық басқармасы мен сүру бойынша қажетті шараларды қолдануын пысықтай кетті. 

Азаматтардың шағымы бойынша елорда әкімі Күмісбеков-Кубрин көшесінің қиылысына бағдаршам орнатуды тапсырды. Сонымен қатар, әкім №60 мектеп-лицей маңайындағы қауіпсіздік шараларымен танысып шықты. Өкілетті құрылымға басатын түймешесі бар жаяу жүргіншілер бағдаршамын орнатуды, ал автомобиль жолдары басқармасына Кубрин, Сейфуллин көшелерін жарықтандыру жұмысын аяқтауды тапсырды.

Әрі қарай Қосшығұлұлы көшесіндегі мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйлердегі өзекті мәселе – абаттандырылған ауланың жоқтығы. Астана әкімі нысанды коммуналды шаруашылық басқармасынан Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының балансына беруді және барлық ауланы көркейтуге жыл басында-ақ тапсырма берген болатын. Абайдың 150 жылдығы көшесіндегі кәріз коллекторы құрылысы қаралып, автомобиль жолдары басқармасына құрылыс жұмыстарын аяқтауын тапсырған еді.

Әкім бұдан кейін "Көктал" тұрғын алабының дамуы барысымен де таныса кетті. Әкіммен аралауға шыққандар Күршім-Майлықожа ақын көшесінің қиылысындағы проблемалы түйісетін жерді барып көрді, әкім бұл жердегі де кәріз құрылысын талапқа сай ретке келтіруін жүктеген болатын.

Бұдан басқа, №36 үйге қарама қарсы Тілендиев даңғылы бойынша аялдама жанынан кеңірек етіп алаңқай салуды тапсырған. Аралау кезінде әкім Тілендиев даңғылындағы "Рахмет" СО жанындағы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты орнатқан жылы аялдаманың павильонын көре кетті.

Әрі қарай астана әкімі өзінің аралауын №64 бағыттағы қоғамдық көлікте жалғастырып, MAN маркалы автобустың техникалық жағдайын көріп, халықтың шағымын тексеріп шықты. Өкілетті құрылымның басшыларына техникалық ақауларды көрсетті.

Жұмыс бабымен аралауға шыққан қала әкімі Сарыарқа ауданындағы тұрғын алабындағы заңсыз құрылыспен күресті және қоршауларды қайта жөндеу, инженерлік желіні жүргізуді тапсырды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары