Исекешев ауыз суды үнемдеуге кеңес берді - Жаңалықтар | BNews

Исекешев ауыз суды үнемдеуге кеңес берді

28 ақпан, 2018, 14:41 1319 Астана
Исекешев ауыз суды үнемдеуге кеңес берді

Судың да сұрауы бар деген Астана әкімі Әсет Исекешев халыққа есеп беру кездесуі барысында ауыз суды үнемдеп пайдалану керектігін айтты, деп хабарлады Вaq.kz ақпарат агенттігі.

"Соңғы он жыл ішінде тұтынылатын су көлемі 50%-ға артты. Бұл бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Автокөлік жуу орындарының және жеке сектордың 20%-нда ғана суды үнемдейтін құрал орнатылған. Біз қатаң шаралар қабылдайтын боламыз, себебі бізге суды үнемдеу қажет. Ауыз су жиі жағдайда көлік жуу, бақшаларды суару және тағы басқа мақсаттарда қолданылатыны жасырын емес. Сондықтан, тиісті шаралар қабылданатын болады", - деді қала басшысы.

Әсет Исекешев бүгінгі күні орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қол жеткізу халық қажеттілігінің бірі екенін және бұл мәселе әкімдік үшін басымдылыққа ие екенін айтты.

"Сонымен қатар, әкімдікте сумен жабдықтау жүйесін жүргізу арқылы құдықтардың көзін жою бойынша жоспар әзірленді. 210 құдықтың 102-сі 2020 жылға дейін жойылады", - деп мәлім етті елорда әкімі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар