Исекешев қаладағы қауіпті жол жүру өткелдерін жоюды тапсырды

30 Января, 2018, 18:22 1272
Исекешев қаладағы қауіпті жол жүру өткелдерін жоюды тапсырды |  | BNews.kz

Бір апта ішінде Астанада 11 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 16 адам зардап шегіп, төртеуі қайтыс болды, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін өткен елорда әкімдігінің кезекті аппараттық жиналысында айтылды.

Осы аптада жол-көлік апатының саны артып отыр. Кеше ғана таңғы сағат 8:00-де әуежайға барар жолда оқушы қызды көлік қағып кетті.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қалалық ІІД басшысы Марат Қожаевқа тез арада соңғы жол көлік оқиғаларының себептерін саралап, оларды жою бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

"Қауіпті жол өткелдерін жою бойынша жұмыстарды жеделдетіп, бұл мәселені тез арада шешу керек", - деді Астана әкімі.

Сондай-ақ, Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова жанар-жағар май мен көмір нарығындағы жағдай туралы баяндады. Оның айтуынша, Астана станциясына 15, Қырқыншы станцияға 8 вагон көмір жеткізілді. Көмір нарығындағы жағдай үнемі бақылауда.

"Бүгінде қалада жанар-жағар майдың 13 күндік қоры бар. Барлық операторлар қазақстандық АИ 92 бензиніне бағаны төмендетті. Жеткізу және сату бойынша кедергілер жоқ. Жанар-жағар май мәселесіне келсек, елорданың ЖЖМ нарығы үнемі бақылауда", - деді М. Бектұрова.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13992

Похожие новости