Италия су астында қалып жатыр - Жаңалықтар | BNews

Италия су астында қалып жатыр

11 қыркүйек, 17:55 542
Италия су астында қалып жатыр

Табиғи апаттан Италияның орталық бөлігі, әсіресе, Ливорно қаласы қатты зардап шекті. Бірнеше сағат ішінде қалаға 400 миллиметр нөсер жаңбыр жауды, деп хабарлайды Bnews.kz. 

Су тасқынының кесірінен 7 адам қаза тапты, олардың ішінде балалар да бар. Тағы үш адам із-түссіз жоғалды, деп хабарлады segodnya.ua.

Теміржол желілеріндегі пойыздардың қозғалысы шектелді. Ағаштар құлағандықтан, автожолдар да жабылды. Су тасқыны елдің астанасын да басып жатыр. Әдетте мұндай жаңбыр Римдегі қоғамдық көлік жұмысына қатты әсер етіп, көшелердің және жер асты өткелдердің су басуына әкеп соғады.

«Табиғи апат елдің солтүстік жағынан өтіп, Лигурияға ғана әсер ету керек еді. Бірақ қатты жел оны Тосканға дейін әкелді. Нөсер жаңбыр мен дауыл Пиза провинциясынан да асып, Ливорноға да жетті. Біз ол жаққа басқа аймақтағы қызметкерлерді жібердік. Көрші Марке мен Эмилия-Романьиден де көмек күтіп отырмыз», - деп мәлімдеді Тоскан облысының Өрттен қорғану қызметінің өкілдері.

Фото: AFP

 

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары