Қайрат Нұртас науқас баланың арманын орындады - Жаңалықтар | BNews

Қайрат Нұртас науқас баланың арманын орындады

09 ақпан, 19:45 1699 Астана
Қайрат Нұртас науқас баланың арманын орындады

Айдана есімді қыз сүйікіті әншісімен танысуды баяғыдан армандапты.

Қазақ эстрадасының танымал әншісі Қайрат Нұртас Педиатрия орталығына келіп ауыр науқасқа шалдыққан Айдана есімді  қызбен кездесіп, халін сұрады, деп хабарлайды BNews.kz "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында ғана отадан шыққан Айдана сүйікті әншісін көруді армандапты. Кішкентай жанкүйерімен танысқан әнші Айданаға және барша онкогематология бөлімінде ем алушы балаларға ақ тілегін білдіріп, тез сауығып кетулерін тіледі. Әнші басқа бөлмелерде жатқан балалардың да қал-жағдайларын сұрап, әңгімелесті.

"Кішкентай қыздың тілегін орындаған Қайрат Нұртасқа және кездесуді ұйымдастыруға мұрындық болған "Амила" қорына алғысымызды білдіреміз. Бұл кездесу балалардың сырқаттан сауығып кетулеріне септігін тигізеді деген үміттеміз. Қайырымды, мейірімді, кең пейілді болу қазақ халқының қанында бар қасиет. Әр жүрекке мейірімділік, ізгілік, адамгершілік тәрізді асыл қасиеттерді ұялату, қиналған жандарға қолдау көрсету әрбір азаматтың парызы" - деді орталық өкілдері.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары