Қайрат Нұртас жұбайымен Мальдив аралдарында үйлену тойының 10 жылдығын атап өтті - Жаңалықтар | BNews

Қайрат Нұртас жұбайымен Мальдив аралдарында үйлену тойының 10 жылдығын атап өтті

21 ақпан, 11:45 1042
Қайрат Нұртас жұбайымен Мальдив аралдарында үйлену тойының 10 жылдығын атап өтті

Қайрат Нұртас пен оның жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова үйленгендеріне он жыл толғанын тойлап жатыр.

Ерлі-зайыптылар Мальдив аралдарында демалып жатыр. Бұл туралы әншінің жұбайы өзінің Instagram парақшасында жазды.

Жұлдыз Әбдікәрімова оған жұбайы мерейтойды Мальдив аралдарында тойлауға уәде бергенін айтты.

"Он жылдығымызды Мальдив аралында, теңіздің жағасында, шашыңа ақ гүл қыстырып, ақ көйлекпен, ақ құмның үстінде, кинодағыдай атап өтеміз" деп, ылғи айтушы еді, Ақпатшам... Мен, "Әумин" деп қоятынмын. Дегенмен де, уақыт өте келе мен бұл сөздерін ұмытып кетіппін. Бірақ, Ақпатшам уәдесінде тұрып, бүгін маған тосын сый жасап, Мальдив аралында 10 жылдық тойымызды атап өттік. Бұл мен үшін керемет тосын сый болды, себебі әрбір нәзік жан үшін сүйіктісінің шын ниетімен, маxаббат сезімімен жасалып жатқан сыйлық, ерекше көңіл күй сыйлайды. Басқа бір ертегі әлемінде жүргендей, құдды жаңадан отау құрған жас жұбайлар секілді, бал айында жүрген тәріздіміз. Аллаға сансыз шүкір, бізге осындай мүмкіндікті берген Әкеміз бен Анамызға мың алғысымызды айтамыз!" - деп жазды ол.

Жұлдыздың жазбасынан көріп отырғанымыздай, ол Қайратты "Ақпатшам" деп еркелететінін білдік.

Ал Қайрат Нұртас өзінің Instagram парақшасында мерейтой бейнежазбасының үзіндісімен бөлісті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары