Қаланы көріктендіруге Астана тұрғындары өз үлесін қоса алады 

11 қаңтар, 2019, 11:39 473 Астана
Қаланы көріктендіруге Астана тұрғындары өз үлесін қоса алады 

Ол үшін сауалнаманы онлайн түрде толтыру керек. 

Елорданың урбанистика орталығы қаланы көркейтуге қатысты ұсыныстарды астаналықтардан жинайды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

"Қала тұрғындары мен қонақтары қалада өмір сүруді жақсартуға қатысты өз идеяларын жүзеге асыра алады. Сен біздің қаланы жақсы және жайлы етудің амалын білесің бе? Біз үшін сенің идеяң маңызды! Біздің қаланың белсенділер командасы Астананы көркейтуге атсалысқысы келетін азаматтардың ұсыныстарын жинайды. Ол үшін сауалнаманы онлайн түрде толтыру керек. Бұдан кейін сіз өз ауданыңызға қажетті кеңістіктер бағдарламаланатын талқылаулар мен практикумдарға қатыса аласыз", - делінген хабарламада.

Сауалнамалар тұрғындардан 2019 жылғы 15 қаңтарға дейін қабылданады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар