Кәлетаев еліміздегі "NEET жастарды" жұмыспен қамту жолдарын ұсынды

Написать нам
18 қыркүйек, 2018, 18:03 2648 Астана
Кәлетаев еліміздегі

Елімізге енген NEET терминін тарқатып айтсақ, "Not in Empoloyment, Education or Training", яғни "не жұмыс жасамайтын, не оқымайтын, өзге де істермен айналыспайтын" деген мағына береді.

ҚР Қоғамдық даму министрлігі 18-ден 29 жасқа дейінгі жас аралығындағы NEET жастарды, оның ішінде 2018 жылғы түлектерді жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша жол картасын әзірледі. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Өткен жылдан бері жастар саясатында  "NEET жастар" деген ұғым пайда болды. Бұл сөздің мән-мағынасын жастар саясатына жауапты басқарма мамандары оқу бітіргеннен кейін алты ай көлемінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген жастар осы санатқа жатады деп түсіндіруде.

Елімізге енген NEET терминін тарқатып айтсақ, "Not in Empoloyment, Education or Training", яғни "не жұмыс жасамайтын, не оқымайтын, өзге де істермен айналыспайтын" деген мағына береді екен. Яғни, не еліне, не отбасына пайдасы жоқ "масыл" сөзімен мағыналас ұғым.

"Жол картасы 30 тармақтан тұрады және жастарды әлеуметтендіру бойынша бірқатар өзекті іс-шараларды қамтиды. Атап айтқанда, кәсіпті таңдау бойынша жастар үшін консультациялық орталықтарды құру, техникалық және кәсіптік білім беруді жолға қою, дуальдық білім тиімділігін арттыру, еңбек нарығында жастардың тарапынан сұраныс және ұсыныс картасын әзірлеу, сондай-ақ, жастар кәсіпкерлігін дамыту шаралары бар", - деді ҚР Қоғамдық даму министрі.

Жастар кәсіпкерлігін дамыту мақсатында Дархан Кәлетаев жастардың стартап жобаларын бизнес-жоспарды ұсынған кезде мемлекеттік гранттық қаржыландыру мәселесін енгізуді ұсынды.

"Жол картасы аясында баспана мәселесін шешу үшін Алматы қаласының тәжірибесін негізге ала отырып, өңірлік тұрғын үй бағдарламалары арқылы жастардың тұрғын үй кооперативтерін құруды ұсынамын", - деді министр.

Сонымен қатар, жастар ресурстық орталықтары қызметін және әдістемелер мен заңнамаларды жетілдіру жоспарланған.  

Айтылған мәліметтерге сәйкес, халықаралық еңбек ұйымының 2017 жылғы баяндамасында 20 жылдың ішінде әлемдегі жастардың саны 139 млн адамға өсті, ал жұмыспен қамтудың үлесі 35 млн адамға кеміді деп көрсетілген. Жалпы жаһандық еңбек күшіндегі жастар үлесі 1997 жылы 21,7%-дан 2017 жылы 15,5%-ға төмендеді. Сонымен қатар, NEET жастарының үлесін жаһандық бағалау 21,8%-ды құрайды, олардың ішіндегі төрттен үші (3/4) әйелдер.

Қазақстанда NEET жастарының жоғары көрсеткіштері оңтүстік өңірлерде, сондай-ақ Маңғыстау және Қарағанды облыстарында (10-нан 13%-ға дейін, 2017 жыл) тіркелген.

Елімізде әлеуметтендірудің ешбір әдістерімен қамтылмаған 14-тен 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 2001 жылғы 18,6%-дан биылғы жылы (2018 жылғы 2-тоқсан) 7,7%-ға дейін кеміді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: