Калифорнияда орман өрті салдарынан 43 адам қайтыс болған - Жаңалықтар | BNews

Калифорнияда орман өрті салдарынан 43 адам қайтыс болған

06 желтоқсан, 10:41 958
Калифорнияда орман өрті салдарынан 43 адам қайтыс болған

Американың Калифорния штатының губернаторы Джерри Браун  Вентура округында  өртке байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды BNews.kz ria.ru ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Тілсіз жау жергілікті тұрғындарға үлкен қауіп төндіріп тұр.

«Тез жайылып кеткен бұл өрт өте қауіпті, біз қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Мен Калифорния штатының губернаторы Эдмунд Дж.Браун Вентура округінде төтенше жағдай  жариялаймын», - делінген губернатор сайтында жасалған мәлімдемеде.

Бұған дейін Вентураның өрт сөндіру қызметі Калифорнияның оңтүстігіндегі сегіз мың үйден 27 мыңға жуық адамды басқа жерге көшіргені туралы хабарлаған. Мұнда тілсіз жау 150 ғимаратты жойып жіберген. Электр қуатымен қамтамасыз ететін Southern California Edison компаниясы аймақта 260 мың адам жарықсыз отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, алапат орман өрттері Калифорнияның бірнеше округтарын қазан айында  да шарпыған. Ол кезде де 100 мыңнан аса аса адам қауіпті аймақтан көшірілді. Соңғы мәліметтер бойынша Калифорнияда 43 адам  өрт  құрбаны болып, келген шығын көлемі 3,3 миллиард долларға жеткен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар