Қанат Бозымбаев: Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет - Жаңалықтар | BNews

Қанат Бозымбаев: Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет

Написать нам
03 қаңтар, 2018, 13:08 1932 Астана
Қанат Бозымбаев: Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев елімізге төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет екенін айтты, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселені арнайы жұмыс тобы қарастырып жатыр.

«Менің пікірімше, Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет. Қазіргі таңда бұл мәселені қарастырып жатырмыз. Зауытты салу бір жылдың жұмысы емес. Жанар-жағармай материалдарына сұраныс артуда. Біздің болжамымыз бойынша, шамамен 2022 жылы мұнай өнімдерінің импортын өсіру қажет болады. Осы уақытқа дейін төртінші зауыт салынып үлгергені жөн. Артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға қолданыстағы үш зауыттың қуаты жетпейді», - деді Энергетика министрі.

Сұхбат барысында Қанат Бозымбаев алдағы жылы жаңа мұнай өңдеу зауытының техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау жоспарланып отырғанын атап өтті. Министрдің сөзінше, 2019 жылы инвесторларды тарта отырып, аталған зауыттың құрылысын бастау жоспарда бар.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде 3 мұнай өңдеу зауыты бар. Олар Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында орналасқан.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар