Қанша әйел жүргізуші куәлігін, зейнетақы мен жәрдемақы алатынын ХҚКО санап шықты - Жаңалықтар | BNews

Қанша әйел жүргізуші куәлігін, зейнетақы мен жәрдемақы алатынын ХҚКО санап шықты

07 наурыз, 2018, 10:39 1830
Қанша әйел жүргізуші куәлігін, зейнетақы мен жәрдемақы алатынын ХҚКО санап шықты

Күнделікті бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО-ға жүз мыңнан астам адам жүгінеді, соның жартысынан астамы әйелдер.

Қазақстанда бір жылда 2017 жылдың 8 наурызынан қазіргі уақытқа дейін халыққа қызмет көрсету орталығында 13 миллионнан астам әйелдер мемлекеттік қызмет түрлері бойынша сұраныстарын қанағаттандырған. Мұндай деректі Халықаралық әйелдер мерекесі күні қарсаңында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы келтірді.

"Азаматтарға араналған үкімет" 620-дан астам қызмет көрсетеді.

"Күнделікті республика бойынша орналасқан фронт-офистерге жүз мыңнана аса адам жүгінеді. Оның 50%-дан астамы нәзік жандар. Мысалы берілген электронды-цифрлық қолтаңбаның 53%, яғни 2 миллионнан астамын ЭЦҚ-ны әйелдер алған. Арнайы ХҚКО арқылы берілген жүргізуші куәлігінің  25%-ы әйелдер алған, оның саны шамамен 96 мыңнан асады. Тасымал көлігіне арналған куәліктерін 337 мыңға жуық әйел тіркеді", - деп хабарлады Мемлекеттік корпорацияның баспасөз-қызметінде.  

Қазірде Қазақстанда 303 508 мың әйел бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы алса, 1525 818 әйел зейнетақы алып отыр. 236  мыңнан астам әйел көпбалалы ана ретінде жәрдемақы алады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар