Астанада қаңтар айында 700-ге жуық адам жұмыспен қамтылды - Жаңалықтар | BNews

Астанада қаңтар айында 700-ге жуық адам жұмыспен қамтылды

07 ақпан, 10:57 721 Астана
Астанада қаңтар айында 700-ге жуық адам жұмыспен қамтылды

Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, 1673 адамның 661-і жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды.

Осы жылдың қаңтарында Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасу мәселесімен 1673 адам жүгінді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, 1673 адамның 661-і жұмыспен қамтылды.

"Тұрақты жұмысқа – 302, әлеуметтік жұмыс орындарына – 4 адам орналастырылды. 349 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілсе, 6 адам "Жастар тәжірибесі" бойынша тағылымдамадан өтетін болады", - деп жазылған таратылған хабарламада.

Биыл қаңтар айында елордада 1090 жаңа жұмыс орны ашылған. Оның 25-і құрылыс саласында, 71-і білім беру саласында, 19-ы бөлшек сауда саласында және 970-і бизнес пен басқа салаларда құрылды.

Айта кетейік, "Электронды еңбек биржасы" (www.enbek.kz) порталында бүгін 4501 бос жұмыс орны бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары