Қарабатанда қайтыс болғандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі - Жаңалықтар | BNews

Қарабатанда қайтыс болғандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі

02 наурыз, 2018, 18:28 2527 Атырау облысы
Қарабатанда қайтыс болғандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі

Өрт салдарынан алты адам қайтыс болып, төртеуі зардап шекті.

Атырау облысының Қарабатан стансасында қайтыс болғандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "PSI Story industriya" ЖШС мердігер мекемесінің  жобалық менеджері Ержан Садырбалин айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Қарабатандағы "Газқұбыр электрстансасындағы" бір қабатты жатақхана ғимаратында өрт шығып 480 шаршы метр жер жалынға оранып, салдарынан алты адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті.

Садырбалиннің айтуынша, контейнерлі жатақханада шыққан өрт салдарынан қайтыс болғандардың барлығы ОҚО азаматтары. Олар темір ұстасы және монтаждаушы болып жұмыс атқарған. Осы нысандағы жұмыстар қазір тоқтатылған. Компания басшылығы қайтыс болғандардың отбасына материалдық өтемақы төлеп,  зардап шеккендерді емге қажет қаражатпен қамтамасыз ететінін айтты.

Атырау облысы бойынша ТЖД басшысының орынбасары Замир Бердешевтің айтуынша зардап шеккен жұмысшылардың біреуі жан сақтау білімінде, оның денесінің 65%-ын күйік шалған. Екінші адам травматология бөлімінде, оның денесінің 10-15% күйген. Тағы екеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, күнделікті ем алуға жіберілді.

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Тергеу нәтижелері тексеруден кейін белгілі болады. Алдын-ала болжам бойынша өртке электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Сағындық Лұқпановтың басшылығымен шұғыл штаб құрылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар