Қарабатанда күйік шалған тағы бір адам қайтыс болды - Жаңалықтар | BNews

Қарабатанда күйік шалған тағы бір адам қайтыс болды

03 наурыз, 11:10 287 Атырау облысы
Қарабатанда күйік шалған тағы бір адам қайтыс болды

Жатақханада болған өрттен қайтыс болғандардың саны жеті адамға жетті.

Контейнер тұрпатты жатақханада болған өрттен зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болы, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖД ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Осыған дейін қайтыс болғандардың саны алтау болғаны айтылған еді. Руслан Иманқұловтың айтуынша жетінші адам да көз жұмды.

Естеріңізге сала кетейік, Қарабатандағы "Газқұбыр электрстансасындағы" бір қабатты жатақхана ғимаратында өрт шығып 480 шаршы метр жер жалынға оранып, салдарынан алты адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті.

Қайтыс болғандардың отбасына материалдық көмек көрсетілетіні туралы осыған дейін хабарлағанбыз.

Ұқсас жаңалықтар