Қарабатандағы төтенше жағдайды анықтаумен арнайы комиссия айналысуда - Жаңалықтар | BNews

Қарабатандағы төтенше жағдайды анықтаумен арнайы комиссия айналысуда

03 наурыз, 2018, 20:23 3292 Атырау облысы
Қарабатандағы төтенше жағдайды анықтаумен арнайы комиссия айналысуда

Нұржан Әлтаев Атыраудағы жеті адам қаза тапқан вахталық қалашықтағы өрт жағдайы салдарын анықтайтын үкіметтік комиссияны басқарады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-министрі Нұржан Әлтаев Қарабатан станциясындағы вахталық қалашықтағы өрт кезінде зардап шеккен екі адамның жағдайын білді, деп хабарлайды BNews.kz ATPress-ке сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда ол Атыраудағы жеті адам қаза тапқан вахталық қалашықтағы өрт жағдайы салдарын анықтайтын үкіметтік комиссияны басқарады", - деп хабарлады Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін Атырауға шұғыл сапармен келген вице-министр Нұржан Әлтаев Қарабатан станциясында орын алған оқиғаны тексергеннен кейін, Атырау облыстық ауруханасының хирургиялық бөлімінде ем алып жатқан екі зардап шегушіге барды. Бүгінде олардың жағдайы тұрақты, жұмысшылар оқиға орнынан төмен жағдайдағы күйікпен ауруханаға жеткізіліп, тиісті ем қабылдауда.

Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрінің айтуынша, төтенше жағдай орын алған жерде болған компанияның барлық қызметкерлері сақтандырылған, сондықтан тергеу аяқталғаннан кейін зардап шеккен қызметкерлер мен қаза болғандардың туыстары қаржылық көмек алады. 

"Заңнамада белгіленген рәсімдер бар, кімнің кінәсі - жұмыс берушілердің немесе жұмысшылардың өздерінің кінәсі болғанын анықтау үшін барлық рәсімдерді жүргізуіміз керек. Біз қазір барлық сақтандыру келісімшарттарын көтеріп, қызметкерлерге қандай өтемақы төленетінін қарастырамыз. Бұдан басқа, төтенше жағдай орын алған нысанды тексергеннен кейін, барлық жатақханалар жұмысын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды", - деді Нұржан Алтаев.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта компанияның басқа қызметкерлері тергеу аяқталғанға дейін үйлеріне жіберілді. Олар үшін жалақы сақталады. Барлық контейнерлік үлгідегі жатақханалар қауіпсіздіктің стандарттарына және талаптарына толық сәйкестендірілгеннен кейін, жұмысшылар қайта келіп, жұмысын жалғастыра алады.

Айта кетелік, бүгін Атырау облысының Қарабатан станциясында газ турбиналық электр станциясының құрылыс алаңында болған төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия барды. Комиссия құрамына Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, төтенше жағдайлар комитеті мен Атырау облыстық әкімдік өкілдері кірді. 

Аталған өрт салдарынан жалпы 7 адам мерт болды. Олардың алтауы оқиға орнында қаза тапқан болса, біреуі бүгін ауруханада көз жұмды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Өрт салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Оқиға 2 наурызда, сағат 8:41-де тіркелді. ҚР ІІМ ТЖК алдын ала тергеу нәтижелеріне сай, өрт электр тоғының тұйықталуынан шыққан.

Қайтыс болғандардың отбасына материалдық көмек көрсетілетіні туралы осыған дейін хабарлағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар