Қарағанды облысында 40-қа жуық отбасы баспаналы болды

09 шілде, 2018, 12:47 1376 Қарағанды облысы
Қарағанды облысында 40-қа жуық отбасы баспаналы болды

Мердігерлердің айтуынша, екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына бір жыл уақыт кеткен екен.

Қарағанды облысында 36 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерлердің кілтін қоныстанушыларға облыс әкімі Ерлан Қошанов табыс етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Ерлан Қошанов тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік нысандардың салынып жатқанын, "Нұрлы жер" бағдарламасының арқасында биыл екі үйдің құрылысы аяқталғанын және алғаш рет тұрғындар өз баспанасына ие болғанын атап өтті.

"Әр отбасы үшін ең бастысы – өзінің жеке баспанасы болғаны, ол нағыз бақыт. Бүгінгі таңда біз шынымен де Абайдың және жалпы ауданның тұрғындары үшін көптеген жұмыстарды жасап жатырмыз. Бірінші кезекте біз тұрғындардың жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік нысандарды салып жатырмыз. Жуырда ғана жүзу бассейнін іске қостық, қазіргі таңда белсенді түрде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр, 100 орынға шақталған жатақхана салынады деп жоспарлануда. "Нұрлы жер" бағдарламасының арқасында биылғы жылы екі үйдің құрылысы аяқталды және алғаш рет тұрғындар өз баспанасына ие болды. Ал бүгін 36 қоныстанушыға кілттерін табыс етіп отырмыз", - деді облыс әкімі.

Мердігерлердің айтуынша, екі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына бір жыл уақыт кеткен және барлық жұмыс 100 пайыз орындалған. 

"Біз 2017 жылдың тамыз айының соңында жұмыстарымызды бастадық. Бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде 72 пәтері бар екі үйдің құрылысын аяқтадық. Бірінші үйге адамдар қоныстады, тұрғындар өз баспаналарын мамыр айында алды. Бүгін біз екінші үйді қолданысқа беріп, жаңа иелерге пәтер кілттерін табыс етіп жатырмыз. Барлық жұмыс 100 пайыз орындалды. Құрылыс барысын біз және Абай ауданы әкімдігі бақылап отырдық. Барлық материалдар – отандық өнімдер. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша шамамен 600 млн теңге жұмсалды", - деді "ККК ЛТД" ЖШС коммерциялық директоры Иван Малюшенко.

Сондай-ақ, ол үйлерде бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер бар екенін, жақын болашақта маңындағы аумақта абаттандыру жұмыстарын жүргізетіндерін, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылатынын айтты.

36 пәтерлі 9 қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы – 2000 м2, пәтерлердің ауданы – 1904 м2. 

Абай ауданының тұрғыны Раиса Мұқанова қуанышымен бөлісіп, пәтер алуға көмектескендерге алғысын білдірді.

"Менің ІІ топ мүгедектігі бар қызым пәтер алғанына өте қуаныштымын. Біз кезекте 9 жыл бойы тұрдық. Енді міне, баспанаға қолымыз жетіп, облыс әкімінің қолынан оның кілтін алып отырмыз. Барлықтарына, бірінші кезекте еліміздің Президентіне, облыс әкіміне және Абай ауданы әкімдігіне бізді қолдағаны үшін, көмектескені үшін алғысымды айтамын", - деді Раиса Мұқанова.

Абай ауданы әкімдігінің ТКШ бөлімінің маманы Дина Гусамованың сөзінше, баспана "Нұрлы жер" бағдарламасының төрт бағыты бойынша берілді. 

"Ол әлеуметтік қамсыздандырылмаған тұрғындарға жекешелендіру құқығысыз жалға баспана беру. Пәтер иелері ай сайын коммуналдық төлемдермен қоса, жалға алу ақысын төлеп отырады, мысалы, бір бөлмелі пәтер үшін 6000 мың теңге. Бізде пәтерге кезекте 1870 адам тұр. Соңғы рет кезекте тұрғандар баспананы 2013 жылы мүлікті түгендеу барысында алған болатын. 2019 жылы 80 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді Дина Гусамова.

Жаңа үйлерден пәтерлер жетім балаларға, көпбалалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да берілді. 

Сондай, ақ облыс басшысы Абай тұрғындарына қала мен аудандағы коммуналдық саладағы проблемалар қалай шешіліп жатқаны жайлы айтты.

"Дәлірек айтар болсақ, тек кәріз жүйелеріне ғана 4 млрд теңге бөлініп отыр, бұл дегеніміз осындай шағын қала үшін қыруар қаражат. Қаржыландыруды біз Елбасының тапсырмасымен, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша алып отырмыз", - деп атап өтті Ерлан Қошанов. 

Сондай-ақ, ол биыл Абай ауданының барлық мектептерін қалыпқа келтіріп, оларда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді көздеп отырғандарын, мектепке дейінгі мекемелер мен әлеуметтік нысандарда да үлкен жұмыстар атқарылады деп жоспарланып отырғанын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: