Қарағанды облысында алғаш рет қант жүгерісі жиналады

06 қыркүйек, 2018, 10:32 3403
Қарағанды облысында алғаш рет қант жүгерісі жиналады

Бұл дақыл өсімдік және мал өсірумен айналысатын ірі шаруа қожалықтары үшін тиімді.

Қарағанды облысының Абай ауданында биыл алғаш рет қант жүгерісі өсіріле бастады. Бұл дәнді-дақыл 100 гектар жерге егілді, деп хабарлайды BNews.kz Қарағанды облысы әкімдігінің ресмии сайтына сілтеме жасап.

"Бұл дақыл өсімдік және мал өсірумен айналысатын біздікіндей ірі шаруа қожалықтары үшін тиімді. Қант жүгерісі жем ретінде кеңінен қолданылады. Одан сүлем мен құрғақ шөп өндіреді. Қант жүгерісін біз Ставропольдік АШ ҒЗИ ғалымдарының кеңесімен отырғыздық және де ол шешіміміз үшін еш өкінбейміз. Өнімділік жақсы болады", - дейді "Шанс" шаруа қожалығының басшысы Игорь Жабяк. 

Қазіргі таңда жаңа дақылды жинау науқаны өтіп жатыр. Шаруашылықта бүгінгі күні комбикорм зауыты мен 1000 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы жүргізілуде. 
Қарағанды облысының төрт ауданында жайылымдар бойынша арнайы бағдарлама құрылған. Бұл ретте ғалымдар ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге сортаңдалған жерге келетін көп жылдық шөптердің тұқымдарын пайдалануды ұсынып отыр. 
Қант жүгерісі – көпсалалы дәнді-дақыл, жем, азық өнімдерін және био отын дайындауда пайдалануы мүмкін. Бір гектар егістіктен 220-250 центнер сабақша биомассасын және 25-50 ц, кейде тіпті 100 ц дақыл жинауға болады. Бұл дәнді-дақыл сабақшаларында қанттың құрамы жоғары болғандықтан осылай аталған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Қарағанды облысы #дәнді дақылдарды жинау #Ауыл шаруашылығы

Читайте также

Похожие новости