Қарағанды облысында әскер қатарына жаңадан алынған сарбаздар Отан алдында ант берді

20 қараша, 2018, 11:49 1581 Қарағанды облысы
Қарағанды облысында әскер қатарына жаңадан алынған сарбаздар Отан алдында ант берді

Ант беру шарасын тамашалауға әскерилердің ата-аналары мен туған-туыстары да келді. 

Қарағандылық 31775 әскери бөлімінде "Астана" аймақтық қолбасшылығының жаңа сарбаздары ант берді. Отаны мен халқына адал қызмет етуге осыдан бір ай бұрын әскер қатарына келген 50 сарбаз ант етті, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жас жігіттерді бұл салтанатты шарамен құттықтауға қолбасшылықтың ардагерлері мен басшылығы жиналды. Ант беру шарасын тамашалауға әскерилердің ата-аналары мен туған-туыстары да келді. 

"Қазір жігіттер сапта батыл жүреді, жалпы әскери жарлықтардың негізгі талаптарын біледі. Іскери іс-әрекеттермен олар бір жыл аралығында танысып, үйренетін болады. Оларды қарудан оқ атуға, әскери көліктерді жүргізуге, әскери және денешынықтыру бойынша нормативтерді үздік бағаға тапсыруға үйретеді", - деді 31775 ә/б командирінің орынбасары Алтай Тәшкеев. 

Әскери қызметкерлері қол жекпе-жегі және қарумен сапта күресу әдістерін көрсетті. Қонақтар үшін іскери бөлім ішінде экскурсия ұйымдастырылды. Ата-аналар олардың ұлдары қандай жағдайда өмір сүріп жатқандарын көріп қайтты. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар