Қарағанды облысында баласын сатпақ болған әйел ата-аналық құқығынан айырылды - Жаңалықтар | BNews

Қарағанды облысында баласын сатпақ болған әйел ата-аналық құқығынан айырылды

21 ақпан, 18:52 817 Қарағанды облысы
Қарағанды облысында баласын сатпақ болған әйел ата-аналық құқығынан айырылды

Оның тұрақты жұмыс орны болмай, материалдық жағдайы қиын болған.

Балқаш қаласының тұрғыны Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ата-аналық құқығын қалпына келтіру туралы талап арызымен жүгінді, деп хабарлады соттың сайтында.

2017 жылды мамыр айында "нақтыланбаған себептермен келісілген, басқа да мінез-құлықтармен бұрмаланған жеңіл дәрежелі ақыл-ой кемістігі" ауруы бар жас әйел өзінің 3 жастағы қызына қатысты ата-аналық құқығынан шектелді.

"2016 жылы қиын материалдық жағдайына байланысты А. қалалық базарда хабарлама іліп, өзінің қызын асырауға беруге шешті, "асырап алушылармен" келісіп, баланың анасы қызын 30 000 теңгеге сатпақ болды, алайда полиция қызметкерлері оны тоқтатты. Істеген қылмысы үшін оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылды", - делінген хабарламада.

Сот отырысында А. қызын балалар үйінде қызына тұрақты түрде келіп тұратынын, оны алып кеткісі келетінін, енді ешкімге сенбейтінін және оны ешкімге бермейтінін мәлімдеді.

Алайда, қыздың балалар үйіне келіп түсуіне әкеліп соққан нақты мән-жайлар өзгерген жоқ. Баланың шешесінің тұрақты жұмыс орны жоқ, ол өзінің ата-анасымен тұруға мәжбүр болған, яғни қылмысқа итермелеген себептердің бірі болып табылатын қиын материалдық жағдайы өзгермеген. Сонымен қатар, А-ның денсаулығының психикалық жай-күйі де өзгерген жоқ", - деп атап өтілген ақпаратта.

Осыған қоса, А. өзінің қызын көріп тұра алады, онымен қарым-қатынас үзілмейді, қажет шарттарды орындағанда туыстардың біреуі кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болатындай әрекет ете алады, алайда қыздың анасы мұндай қалауын мәлімдемеді.

Сот іс материталдарын жан-жақты қарап, кәмелетке толмаған Г-ның мүддесі үшін, А-ның ата-аналық құқығын қалпына келтіруден бас тарту туралы шешім шығарды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары