Қарағанды облысында БЖК бағдарламасы аясында жылыжай салынып жатыр

10 қазан, 2017, 13:50 1030 Қарағанды облысы
Қарағанды облысында БЖК бағдарламасы аясында жылыжай салынып жатыр

Қарағанды облысының Долинка кентінде ауданы 1000 шаршы метр жылыжайдың құрылысы жүріп жатыр. Жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Шаруа қожалығының басшысы Кәзімжан Азимов 6 млн теңге көлемінде қарыз алған екен. 

Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, деп мәлімдеді Шахтинск қаласы әкімінің баспасөз-қызметі. Ғимараттың корпусы салынып болған, қазіргі уақытта жылыту жүйесі тартылып жатыр. 
Ауылдық жылыжайда қияр өсірілетін болады. Алдағы жоспарларда көкөніс өнімдерінің түрлерін кеңейту бар. Сонымен қатар кәсіпкер болашақта жылыжай кешенін кеңейтіп, көкөніс сақтау қоймасын салуды көздеп отыр. 
Долинка кентінде 5000-нан астам адам тұрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!