Қарағанды облысында фельдшерлік бекеттер үшін модульді ғимараттар салу ұсынылып отыр - Жаңалықтар | BNews

Қарағанды облысында фельдшерлік бекеттер үшін модульді ғимараттар салу ұсынылып отыр

25 шілде, 13:02 1717 Қарағанды облысы
Қарағанды облысында фельдшерлік бекеттер үшін модульді ғимараттар салу ұсынылып отыр

Қазір облыста 49 фельшерлік-акушерлік бекеттер жұмыс істейді.

Қарағанды облысында фельдшерлік-акушерлік бекеттерге (ФАБ) арналған модульді ғимараттар пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Мұндай бір нысанның құрылысына  бір жарым ай уақыт қажет.  Ғимаратты қажет болған жағдайда бұзып, не болмаса кеңейтуге болады. Құрылысқа жұмсалатын шығын да минималды болмақ – бір бекет үшін 80 миллион теңге қажет.

Негізге осыған дейін жүзеге асырылған жобаны алу ұсынылып отыр. 2015-ші жылы модульді медициналық бекет Нұра ауданының Жараспай ауылында орнатылған. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, бұл жаңа құрылыс тәсілі өте ұтымды.

"Құрылыс және күрделі жөндеу жоспарын жүзеге асыру Бірыңғай әлеуетті денсаулық сақтау жүйесін дамыту жоспарында қарастырылған медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын жаңғыртуды қысқа мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді", - деді Ержан Нұрлыбаев.

Нұра ауданындағы Жараспай ауылының ФАБ техникалық сипаттамасында бір қабатты ғимарат 4 модульден құралған. Учаске ауданы - 361,0 м2, ғимарат ауданы -157,8 м2. Ғимараттың құрылымы модульдік металл қаңқадан құралған. Қабырғалары құрылымдылық сэндвич-панельдерден жасалған. Қасбеті керамогранитпен қамталған. Ірге тасы – діңгек негізді тұтас темір бетон жолақ росткерктен құйылған.

Ғимаратта келесідей бөлмелер қарастырылған: емделушілердің кезек күтуіне арналған вестибюлі бар кіреберіс, қызметкерлер бөлмесі, таңу бөлмесі, фельдшер, ақпараттар, акушер кабинеті, егу бөлмесі, химизатор, қақырық жинау бөлмесі, стерильдеу, жинау құралдарын сақтайтын қойма және санитарлық бөлмелер.

Қазір облыста 49 фельшерлік-акушерлік бекеттер жұмыс істейді. Оның 48-і медициналық әрекеттер жасауға бейімделмеген ғимараттарда орналасқан. Егер бұл жобаны құптайтын болса, жақын арада осы сияқты 22 модульдік ғимараттардың құрылысы басталады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары