Қарағанды облысында қатты аяздан зардап шеккен алты адам ауруханаға жатқызылды

06 ақпан, 2019, 17:11 1609
Қарағанды облысында қатты аяздан зардап шеккен алты адам ауруханаға жатқызылды

Тағы екі тұрғын амбулаторлы түрде ем алып жатыр.

Қарағанды облысында үсік шалған сегіз адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың алтауы ауруханаға жатқызылды, екеуі амбулаторлы түрде ем алып жатыр, деп хабарлады облыстық әкімдіктің ресми сайты.

6 және 7 ақпанда түнде өңірде -37-42 градусқа дейін қатты аяздар күтілуде. Солтүстік аудандарда ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендейді. 

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында бұл күндері жылы киініп, қажет болмаған жағдайда далаға шықпау керектігін еске салды. 

Денені үсік шалғанын келесі нышандар бойынша анықтауға болады: дене температурасының төмендеуі, қалтырау, кейде теріде көгерген мәрмәр іспеттес дақтардың пайда болуы, ұйқының келуі. Екінші, үшінші және төртінші дәрежелі үсік шалу кезінде екінші-үшінші күні тері күлдіреп, үсіп кеткен жерде тері жансыздана бастайды. 

"Үсік шалған бетте зардап шегушіні дереу жылы жерге орналастыру қажет. Егер жай тоңу болса, үсіп кеткен тері бөліктерін жылы лебіңізбен жылытып, сәл уқалау қажет, сонан соң дәкемен таңып тастаған жөн. Үсік шалған теріге май немесе жақпа майлар жағуға болмайды. Ал егер үсік қатты шалғаны байқалса және зардап шегуші қатты ауыртпалық сезінсе, оны жылы жерге орналастырған бетте жедел жәрдем шақыру керек", - делінген әкімдік таратқан хабарламада. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Қарағанды облысы #ауа райы #аяз

Читайте также

Похожие новости