Қарағанды облысында көп қабатты тұрғын үйден екі бала құлап кетті

13 шілде, 2018, 10:55 2548 Қарағанды облысы
Қарағанды облысында көп қабатты тұрғын үйден екі бала құлап кетті

Құтқарушылар ата-аналарды абай болуға және балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.   

Қарағанды облысының екі қаласында екі бала көпқабатты үйден құлап кетті. Қазіргі таңда олар ауруханада, деп хабарлайды BNews.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД-да хабарлағандай, 12 шілдеде Приозерскіде үлкендердің қарауынсыз қалған үш жасар бала 4-қабаттың балконынан құлап, ауруханаға жеткізілді. Сәтбаевта бірінші қабаттың терезесінен екі жасар бүлдіршін құлап, ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар ата-аналарды абай болуға және балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады.   

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар