Қарағанды облысында көше шамдарын қалыпқа келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарлануда

12 қараша, 2018, 17:15 1614 Астана
Қарағанды облысында көше шамдарын қалыпқа келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарлануда

Жаңғырту жұмыстарын бастамас бұрын, энергоаудит жүргізілді.

Қарағанды облысының қалаларында көшедегі шамдарды қалыпқа келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады деп көзделуде, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Теміртау және Балқашта жұмысқа кірісуге дайын бизнесмендер де табылды. 

Қарағандыда жаңғырту жұмыстарын бастамас бұрын, энергоаудит жүргізілді. Қалада барлық шамдар, электр таратушы желілер мен трансформаторлар саналды, сондай-ақ олардың қалай жұмыс істеп тұрғандығы тексерілді. Ендігі кезекте МЖӘ-нің қандай бағдарламасы бойынша жобаны жүзеге асыратындығы және қала үшін де, жұмыстарды атқаратындар үшін де тиімді болатын жол қарастырылады. 

"Теміртауда кәсіпкерлердің бірі құрған бизнес-жоспар бар. Қазір оның жобасы талқылау барысында. Балқашта да жоспар дайын, ол қарастырылып жатыр. Сәтпаевта бизнес-жоспар енді ғана жасалып жатыр", - деді Энергетика және ТКШ басқармасының жетекшісі Ұлантай Үсенов. 

Қала шамдары толықтай немесе жартылай ауыстырыла ма, жоқ па – әзірге белгісіз. Бұл мәселелер, Ұлантай Үсеновтың айтуынша, жергілікті жерде шешіледі. 

"Егер мысалы, қандай да бір көшеде жарық шамдары өткен жылы ғана ауыстырылған болса, оларды тағы орнатудың қажеті жоқ. Мұндай ерекшеліктер жергілікті атқару органдарына белгілі. Осының барлығы бизнес-жоспарда келтіріледі. Сондай-ақ оған дала шамдарының маркасы мен түрі, кепілдік мерзімі, жәнеде кепілдемеден кейінгі қызмет көрсетілуі секілді жайттар енгізілуі керек", - деді Энергетика және ТКШ басқармасының жетекшісі. 

Осының барлығы көрсетілген қызмет сапасына кепілдік алуға, сондай-ақ аймақтағы қала көшелеріндегі шамдарды қалыпта ұстау және жаңғыртуда үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар