Қарағанды облысында мал басы саналады - Жаңалықтар | BNews

Қарағанды облысында мал басы саналады

05 қазан, 13:36 1864 Қарағанды облысы
Қарағанды облысында мал басы саналады

Қарағанды облысында қазан айында полиция қызметкерлері «Мал басын санау» жедел-алдын алу шарасын өткізеді. 

Шараның мақсаты – мал ұрлығының алдын алу және жою. 
Облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің мәлімдеуінше, шара бір ай бойы – қазанның 1-31 аралығында өтеді. Жеке үйлердегі, шаруа және фермерлік қожалықтардағы мал басы саналады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар тәртіп сақшылары мал ұрлағаны үшін жазасын өтегендерді де тексереді – олардың тұрғылықты жерлерін бақылап шығады. Оған қоса қыстақтар да тексерістен өткізіледі. 
Жедел алдын алу шарасына Жергілікті полиция қызметінің сарбаздары, сондай-ақ атқарушы органдар мен ветеринарлық жұмыскерлер де жұмылдырылады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!