Қарағанды облысында медколледж студенттері "ақылды" манекендер арқылы тәжірибе жинақтауда

25 Января, 2019, 17:06 3121
Қарағанды облысында медколледж студенттері "ақылды" манекендер арқылы тәжірибе жинақтауда |  | BNews.kz

Әрбір әрекетке симулятор-роботтар шынайы науқастар секілді жауап қайтарады. 

Қарағанды облысында Балқаш медициналық колледжінің студенттері "ақылды" манекендер арқылы науқастарды бағып-қағуды үйреніп жатыр. Әрбір әрекетке симулятор-роботтар шынайы науқастар секілді жауап қайтарады, деп хабарлайды BNews.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біздің колледж бес білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс істейді. Білім алуға арналған ресурстар келтірілген мемлекеттік стандарттарға сай, оқу базасын жаңғыртып жатырмыз. Қазір бізде үш симуляторлық кабинет ашылды. Біз манипуляторлық жаттығу құрылғылары, медбике қызметіне және жан сақтауға арналған манекендер сатып алдық. Сонымен қатар, босану процессіне жаттықтыратын көпатқарымды манекен де бар", - дейді Балқаш медициналық колледжінің тәжірибелік бөлім меңгерушісі Рузья Байсеитова. 

Бұл манекендер – жай ғана адам құрылымы бар "қуыршақтар" емес. Олар электроникамен жабдықталған, соның арқасында симулятор шынайы науқас секілді әрекеттер етіп, жауап береді. 

Балқаш қаласындағы колледж қазіргі таңда бес бағыт бойынша медбикелерді даярлайды. Түлектер емханалар мен стационарларға, тіс емханаларына, зертханалар мен фармацевтикалық ұйымдарға жұмыс істеуге барады. Алдағы уақытта "акушерлік іс" мамандығы бойынша қабылдау жоспарланып отыр. 

Колледж басшылығы база Балқашта орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығын құруға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

"Манекендерді нақты мақсаттар бойынша түрлі қалыпқа келтіруге болады. Біз өз базамызда мамандарды өндірістен алшақтатпастан оқытуды ұйымдастыра алар едік. Бұған қоса, біздің базамыз жұмыс істеп жатқан медициналық қызметкерлерден біліктілік тестісін қабылдауға мүмкіндік береді", - дейді колледж директоры Серік Пшенбаев. 

Республикалық рейтингте Балқаш медициналық колледжі Алматылық колледжден соң екінші орында тұр. Оқу ордасы өз дәрежесін орта-мамандандырылғаннан жоғарыға дейін көтеруді көздеп отыр. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13845

Похожие новости