Қарағанды облысында оқ өтпейтін әйнектен учаскелік полиция бекеті салынды

Написать нам
01 қараша, 2018, 10:43 3258 Қарағанды облысы
Қарағанды облысында оқ өтпейтін әйнектен учаскелік полиция бекеті салынды

Келесі жылы осы секілді 10 бөлімшелерді Қарағанды, Теміртау және Жезқазғанда ашу жоспарланған.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында республика бойынша алғашқы мөлдір учаскелік полиция бөлімі ашылды. Ашық формат тәртіп сақшыларына азаматтармен өзара қарым-қатынасты жақсартып, халықтың сенімін арттыруға көмектеседі, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейлердің жаңа жұмыс жағдайларымен облыс әкімі Ерлан Қошанов танысып қайтты. 

"Өткен жылы біз осындай нысанды салу туралы облыс басшылығына ұсыныспен шықтық. Аймақ басшысы оны қолдады. Бюджеттен қаражат бөлінді – шашамен 60 млн теңге. Осы жылдың наурызында құрылыс басталды да, қыркүйекте аяқталды. Ең бастысы – ол мөлдірлік. ", - деді облыстық ІІД бастығы Мергенбай Жаппаров.

Зоналық полиция бөлімі қала тұрғындары үшін қолжетімді болуы үшін қала орталығына көшірілді. Мұнда тәулік бойы жол-патруль полициясының қызметкерлері күзет жүргізеді, сондай-ақ учаскеліп полицейлер, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі және пробация қызметінің инспекторлары жұмыс істейді. 

Ғимарат оқ өткізбейтін әйнектен салынған. Көшеден іште не болып жатқанның барлығы көрініп тұрады. Кабинеттер бейнекамералармен жабдықталған. Келген азаматтар кеңес алады, және олардан жедел түрде өтініштер қабылданады. 
Учаскелік полиция бөлімі толығымен компьютерлендірілген. Барлық құқық қорғау органдарының мәліметтер базасына кіру мүмкіндігі бар. Ол жеткізілген тұлғаларды барлық есептеулер бойынша тексерістен өткізуге: іздеуде болған-болмағаны, айыппұлдар бойынша қарыздары бар ма, жоқ па, бұрын-соңды сотталған ба және т.б. сауалдарға жауап алуға мүмкіндік береді. 
Ерлан Қошанов аймақта мөлдір полиция бөлімшелерін салу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. ІІД бастығының айтуынша, келесі жылы осы секілді 10 бөлімшелерді Қарағанды, Теміртау және Жезқазғанда ашу жоспарланған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар