Қарағанды облысында оқушыларға арналған сенім телефоны іске қосылды - Жаңалықтар | BNews

Қарағанды облысында оқушыларға арналған сенім телефоны іске қосылды

16 шілде, 19:19 2192
Қарағанды облысында оқушыларға арналған сенім телефоны іске қосылды

Сенім телефонының басты міндеті - қиын жағдайларға тап болған балаларға,  психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету.

Қарағанды облысында қиын жағдайларға тап болған балалар мен жасөспірімдерге арналған тәуліктік Сенім телефоны іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz Қарағанды облысының Білім басқармасына сілтеме жасап.

Шұғыл желіні мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Қарағанды облыстық Білім басқармасы мен "Мир добра" қоғамдық бірлестігі құрды. Ол 2018 жылдың шілдесінен жұмысын бастады. Сенім телефонының басты міндеті - қиын жағдайларға тап болған балаларға, олардың заңды өкілдеріне психологиялық, әлеуметтік, құқықтық жағынан көмек көрсету және кеңес беру.

Сенім телефоны тәулік бойы, тегін жұмыс істейді. Сондай-ақ жүгінушінің аты-жөнін жарияламауға кепілдік беріледі. Қажетті ақпараттар мен кеңес алу үшін 8 800 070 02 17 сенім телефонына хабарласуға болады. Сонымен қатар заңгер және психологпен жүзбе-жүз кездесуге болады.     

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары