Қарағанды облысында өндірістегі қайғылы оқиғалар саны азайды

6 Октября, 2017, 12:01 2139
 Қарағанды облысында өндірістегі қайғылы оқиғалар саны азайды |  | BNews.kz

Аймақтық байланыс қызметінде өткен кезекті брифинг еңбек құқықтарын қорғау мәселесіне арналды. Кәсіпорындардағы тексерістер туралы Қарағанды обысының Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанатбек Балсариев баяндап берді. 

- Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2017-ші жылдың 9 ай аралығында 1015 ұйым тексерілген. 712 ереже бұзу фактілері тіркелген, оның ішінде 631 – еңбек қатынасы бойынша болса, 74 – еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша, 7 – халықты жұмыспен қамтуға байланысты болған. Тексерістер қорытындысы бойынша 346 бұйрық жазылды, - деп мәлімдеді спикер. 
Еңбек қауіпсіздігін бақылау маңызды бағыт болып табылады, деп атап өтті ол. 
- Қарағанды облысында ең көп жазатайым оқиғалар орын алатын кәсіпорындар – ол «Қазақмыс», «АрселорМиттал Теміртау» корпорациялары, сондай-ақ бюджеттік ұйымдар. Мысалы, жедел жәрдем фельдшерлері, денешынықтыру мұғалімдері зардап шегеді, - деді Қанатбек Балсариев. 
Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда жұмыс орындарындағы қайғылы оқиғалар саны азайғаны байқалады. 
Еңбек инспекциясының мәліметінше, 2017-ші жылдың 9 ай аралығында кәсіпорындардағы жазатайым оқиғалар саны 123, өткен жылғы сәйкесінше мерзімде бұл көрсеткіш 132 болған. Ол оқиғаларда 140 адам зардап шегіп, оның 25-і көз жұмған. Өткен жылы 151 адам зардап шегіп, 29 өлім тіркелген. 
Облысымыздың кәсіпорындары мен ұйымдарында 3500-нан астам ұжымдық келісімшарттар орнатылған. 
Жыл басынан бері әлеуметтік серіктестік бойынша Облыстық үш жақтық комиссияның үш отырысы өткен. Оның талдауына 11 мәселе салынды, оның 7-уі еңбек қарым-қатынасын реттеуге байланысты болды. 


Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13936

Похожие новости