Қарағанды облысында сарбаздың қолында граната жарылып кетті

Написать нам
30 шілде, 2018, 09:57 2091 Қарағанды облысы
Қарағанды облысында сарбаздың қолында граната жарылып кетті

Ол қазір облыстық медициналық орталықта жатыр. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.

Қарағанды облысында Ұлттық ұлан сарбазының қолында граната жарылып кетті, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Зардап шеккен адам қазір облыстық медициналық орталықтың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы да растады.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса сарбаздың жағдайы ауыр екенін атап өтті.

"Сарбаз облыстық медициналық орталықта жатыр. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Есін біледі, қойылған сұрақтарға да жауап береді. Граната оның қолында жарылды. Өкінішке орай оң қолының алақаны жұлынып кеткен", - деп хабарлады Айжан Иса.

ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, осы кезде сарбазға барлық қажетті медициналық көмектер көрсетіліп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар