Қарағанды облысында су шайып кету қауіпі бар елді мекендер анықталды - Жаңалықтар | BNews

Қарағанды облысында су шайып кету қауіпі бар елді мекендер анықталды

23 ақпан, 20:21 1596 Қарағанды облысы
Қарағанды облысында су шайып кету қауіпі бар елді мекендер анықталды

Анықталған елді мекендер жанында 42 шақырым қорғаныс құрылымдары құрылды.

Қарағанды облысында су шайып кету қауіпі жоғары барлық елді мекендерде су тасқынынан қорғау бойынша бағытты шаралар қабылданды. Бұл жайлы аймақ басшысы Ерлан Қошанов халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біз қай елді мекендерде су шайып кету қауіптері жоғары екенін білеміз. Олардың саны – 31. Олардың барлығы бойынша нақты жұмыстар атқарылды. Аталмыш елді мекендер жанында 42 шақырым қорғаныс құрылымдары құрылды. Бөгеттердің 11 шақырымына жөндеу жұмыстары жасалды, тасқын су қауіпі бар өзендер арнасының 7 шақырымнан астамы тазартылды", - деді Ерлан Қошанов.

2017 жылы гиротехникалық құрылымдарды жөндеуге бағыттал шығындар көлемі 70% артты.

"Біз бәріміз – жергілікті басшылық, жедел қызметтер көктемгі су тасқыны ауыр зардаптарсыз өтуі үшін жұмыстар атқарып жатырмыз", - деп түйіндеді облыс әкімі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары