Қарағанды облысында воркаутпен айналысуға арналған спорт алаңы ашылды

06 тамыз, 2018, 15:38 1688 Қарағанды облысы
Қарағанды облысында воркаутпен айналысуға арналған спорт алаңы ашылды

Жаңа спорт алаңының тұсауы Нұра кентінде кесілді.

Қарағанды облысының Нұра ауданына спорт керуені келді. Бұл жоба "Рухани жаңғыру" бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл спорт керуенінің үшінші сапары. Осыған дейін қатысушылар Осакаров және Қарқаралы аудандарының тұрғындарымен кездесіп қайтқан болатын. Онда аймақтың алдыңғы қатарлы спортшылары шеберлік-сыныптарын өткізген еді.
Нұра ауданына саяхат кезінде осындай кездесулер Шахтерское және Кертінді ауылдары мен Нұра кентінде өтті. Аудан орталығында "Тәуелсіздік" саябағында "Street Workout" жаңа спорт алаңының ашылуы өтті.

"Біз Қазақстанның қалалары мен ауылдарында воркаутпен айналысуға арналған алаңдар ашылып жатқанына қуаныштымыз. Нұра кентінің жастары да белсенді түрде осы жерде жаттығып, келешекте облыстық және республикалық сайыстарда жақсы нәтижелер көрсетеді деп үміттенеміз", - деді "Street Workout" Қазақстан федерациясының төрағасы, әлем чемпионы Дияс Биджиев. 

Танымал спортшылар үстел теннисімен және воллейболмен айналысатын балаларға арнап шеберлік-сыныптарын өткізді. Кертінді ауылында жаттығуларды қазақ күресі бойынша Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері Бауыржан Хуаған мен Айбол Әбдікәрім өткізді. Олар жас палуандарға көптеген жаңа әдістер үйретті. 

"Өте тамаша тамаша акция. Осындай жаттығулар мен кездесулер балалар үшін қандай маңызды екенін білсеңіздер ғой. Мен өзім де күреспен айналысқанмын, кезінде спортта пір тұтатын тұлғаларымды кездестіргенде қандай тамаша әсер алғанымды айтып жеткізе алмаймын. Ол балаларға ынта беріп, дамуға септігін тигізері анық. Ең бастысы, табысты спортшыларға қарап, балаларда өздеріне деген сенімділік, солар секілді биіктерге көтерілуге деген ынта арта түседі", - дейді Нұра ауданының БЖСМ директоры Игорь Пронин.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!