Қарағанды облысындағы тұрақтандыру қоры 3000 тоннаға жуық көкөніспен толықты

30 қазан, 2018, 12:08 1821 Қарағанды облысы
 Қарағанды облысындағы тұрақтандыру қоры 3000 тоннаға жуық көкөніспен толықты

Аймақ басшысы азық-түлік бағасын қадағалап, бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойынша аймақта тұрақтандыру қоры құрылуда. Облыстың ауылшаруашылық өнім өндірушілер маусым аралықта бағаны ұстап қалуға көмектесу мақсатында өз өнімдерінің бір бөлігін ұсынуға дайын, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бірнеше шаруа қожалықтарымен келісімшарттар жасалды. Қор көкөністермен толығады. Бұл мақсатта 1800 тонна картоп, 950 тонна пияз, сәбіз, қызылша және орамжапырақ сатып алынады. Биылғы жылы ауа райы қолайсыз болғанына қарамастан, аграрийлер жақсы астық жинай алды. 

"Бұл маусым облыс фермерлері үшін оңай болмады. Бірақ, ауа райы жағдайына қарамастан, біз дәнді-дақылдар мен көкөністерді жақсы жинап алдық. Ол бізге тұрғындарды сапалы, қымбат емес және ең бастысы – дәмді өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Ерлан Қошанов. 

Аймақ басшысы азық-түлік бағасын қадағалап, бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды. Тұрақтандыру қорын толықтыру үшін сонымен қатар 204 тонна қант, 68 тонна күріш, 68 тонна қарақұмық, 48 мың литр сұйық май сатып алып қою ұсынылды. Ең көп сұранысқа ие азық-түліктердің бағалары жайлы Қарағанды облысы әкімдігінің аппараттық жиналысында кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Татьяна Аблаева айтып берді. 

"Өткен аптада, қазанның 16-23 аралығында, аймағымызда өндірілмейтін, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің құны бұрыңғы деңгейде қалды, сәл ғана қарақұмық бағасы өсті - 3,7%-ға, 108-ден 112 теңгеге дейін. Оның негізгі себебі – өнім өндірушілердің бағасы жоғарылағанымен байланысты", - деді ол. 

Қарақұмықтың бағасын ұстап қалу үшін бұл дәнді-дақылдың 68 тоннасын әлеуметтік павильондарға көтерме баға бойынша 85 теңгеден түсіру жоспарланып отыр.  Бағаны тұрақтандыру үшін сондай-ақ 139,5 тонна көлемінде қантты да тауарлық хаттау жалғасуда. Оны 20 әлеуметтік павильондарда 210 теңгеден сатып алуға болады. Бүгінгі таңда 40 тоннаға жуық қант сатылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар