Қарағанды облысында техникалық ақауы бар автобустан 12 адам эвакуацияланды

24 қаңтар, 2019, 15:47 3012
Қарағанды облысында техникалық ақауы бар автобустан 12 адам эвакуацияланды

Салонда 32 адам болған, олардың 12-сі Қырғызстан Республикасының азаматы болса, 20 адам – Тәжікстан азаматы.

23 қаңтарда Қарағанды облысының Абай ауданындағы Алматы-Екатеринбор тас жолының 965 шақырымында автобус бұзылып қалған, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

"2019 жылғы 23 қаңтарда сағат 06:14-те Абай ауданындағы "Алматы-Екатеринбор" тас жолының 965 шақырымында Сургут-Бішкек бағытындағы Setra маркалы техникалық ақауы бар жолаушылар автобусы бұзылып қалған", - делінген хабарламада.

Салонда 32 адам болған, олардың 12-сі Қырғызстан Республикасының азаматы болса, 20-сы – Тәжікстан азаматы. ТЖД құтқарушылары Сургут-Бішкек бағытындағы Setra маркалы техникалық ақауы бар жолаушылар автобусынан Қырғызстанның 12 азаматын эвакуациялап, Құрма ауылындағы жол бойында орналасқан кафеге жеткізді. Эвакуацияланған жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. 

Тәжікстан азаматтары жолай көліктерге отырып кетті.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Қарағанды облысы #автобус #жолаушы #ТЖК

Читайте также

Похожие новости