Қарағанды облысының әкімі әуеден су тасқыны жағдайын бақылады - Жаңалықтар | BNews

Қарағанды облысының әкімі әуеден су тасқыны жағдайын бақылады

09 сәуір, 16:24 1562 Қарағанды облысы
Қарағанды облысының әкімі әуеден су тасқыны жағдайын бақылады

Жедел штаб күн сайын жағдайды қадағалап отыр.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов әуеден аймақтағы су тасқыны жағдайын бақылап шықты, деп хабарлайды BNews.kz.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов тікұшақпен су тасқыны қаупі бар аумақтарды ұшып, аралап шықты. 
Әуебағыты 580 шақырымнан астам қашықтықты құрап, төрт ауданды қамтыды: Бұқар Жырау, Қарқаралы, Шет және Абай. Су тасқыны қаупі жоғары аумақтар бақыланып, Самарқанд, Шерубай-Нұра, Ынтымақ, Жартас және Ащысу су қоймаларының, сондай-ақ Нұра, Шерубай-Нұра, Ащысу, Матақ, Жарлы өзендерінің арналары тексерілді. 
Аймақ басшысымен қоса ұшу барысына облыстық ТЖД бастығы Ыбрахым Күлшімбаев, аудан әкімдері, мемлекттік орган жетекшілері қатысты. Облыс әкімі биылғы жылы еріген қар суынан адамдар қаншалықты жақсы қорғалғанын өз көзімен қарап шығуды ұйғарған. 


Жыл сайын арнасынан шығатын өзендердің жағаларында қорғау бөгеттері салған және басқа да сақтандыру шаралары ұйымдастырылған. Ол елді мекендерге су кіру қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. 
Өткен жылдармен салыстырғанда қардағы су көлемі төменірек. Әуеден бақылау барысында өзендердегі судың деңгейі төмендегені байқалады, су тасу және арнасынан шығу қаупі жоқ. 
Қазіргі таңда Самарқанд су қоймасынан 15 м³/с, Ынтымақ су қоймасынан - 20 м³/с көлемінде су жіберіліп жатыр. Ірі су қоймаларынан уақытында су жіберіп отыру шарасы өзендердің арнасын жуып өтуге, сондай-ақ су қоймаларында еріген қар суын сыйдыратын бос орын дайындауға мүмкіндік берді. 
Аймақтағы су тасқынына қатысты жағдай қалыпты және де үнемі бақылауда. Жедел штаб күн сайын жағдайды қадағалап отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары