Қарағанды облысының тұрғыны тарихи-өлкетану мұражайына жәдігерлер сыйлады

11 Октября, 2017, 10:27 1269
Қарағанды облысының тұрғыны тарихи-өлкетану мұражайына жәдігерлер сыйлады |  | BNews.kz

Қарағандының тарихи-өлкетану мұражайында Шет ауданының тұрғыны сыйлаған жаңа жәдігерлер пайда болды. 

Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны Тілеуқабыл Есенбеков бүркітішілер ұрпағы. Ол бүркітшілер арасында өткізілген «Салбурын» халықаралық байқауын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі болып табылады. Ақсақал бүркітпен аң аулауға арналған түрлі жабдықтарды мұрайжайға табыс етті: томаға, балдақ, жем сапты аяқ, аңға арналған киім, кітаптар мен түрлі халықаралық байқаулардан жиналған суреттер. Ол өзінің топтамасын бірнеше жыл бойы жинаған.

"Мен мұражайға сыйға тартқан барлық заттар ұрпақтар үшін қызықты болады деп ойлаймын. Бүркітпен аң аулау – көнеден келе жатқан дәстүр. Оның тарихы қола дәуірден басталады", - дейді Тілеуқабыл Есенбеков.

Бүркітпен аң аулау – қазақ мәдениетінің бір бөлігі. Ертеде жақсы құс пен жүйрік ат өте қымбат болған жәнеде иесінің мәртебесін жоғарылатқан. Бүркітшілер – құсты аулап, оларды аңға шығуға үйрететін кәсіби мамандар.


Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13934

Похожие новости